Павлодарлық кәсіпкер Дубайға бір тонна қымыз жөнелтпек
Павлодар қаласындағы ірі қымыз өндіруші «Сағып» шаруа қожалығы Біріккен Араб әмірліктеріндегі кәсіпкерлерден бір тонна шипалы сусынға тапсырыс алды.

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.
Дубайдағы ірі сауда желісіне қымыз тасымалдау жөнінде келісімшарт жасап, логистикалық мәселелерді реттеп жатырмыз. Жуырда қымыздың жарты тоннасы Мәскеудегі «Бауырсақ» супермаркеттер желісіне жеткізілді. Сондай-ақ, Қытай елінің нарығына алты тонна қымыз жіберген болатынбыз.
Бұдан басқа, Пекин қаласындағы бір кәсіпкерден тапсырыс алдық. Шаруашылықта 200-ге жуық бие бар, – дейді Төлеу Құшманова.
Шаруа қожалығы иесінің айтуынша, мұнда тәулігіне 800 литр қымыз бен 100 келі құрт әзірленеді. Бүгінде өндіріс толық автоматтандырылған жүйеге көшкен. Барлығы 15 кәсіби маман жұмыс істейді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады