Павлодарға "қыс келді": Қала көшелерін қар басып қалған (видео)
Видеодан скрин
Павлодарда қар түсіп, қала көшелерін қар басып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде қар басқан көшелердің суреттерін бөлісіп, такси бағасының күрт қымбаттағанына шағымданып жатыр.
Астана-Павлодар автожолының бір бөлігі уақытша жабылғаны хабарланды. "ҚазАвтоЖол" өкілдері өңір тұрғындарын алыс сапарға шықпауға, жылдамдық режимін және жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырды.
Ал коммуналдық қызмет өкілдері қар тазалау жұмыстарына кірісті. Облыс орталығының көшелерін қардан тазалауға 250 жұмысшы мен 300-ден астам арнайы техника шыққан.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”