Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда мас әйел жағажайда ескерту жасаған тұрғынды пышақтап тастаған

Павлодарда жағажайда демалушылардың арасында қақтығыс орын алып, ішімдікке мастанған әйел ызаланып, өзіне ескерту жасаған әйелді пышақтаған. Оқиға бойынша полиция түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Pavon.kz” порталына сілтеме жасап.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 25 маусымда Усолка жағасында болған.

“Белгілі болғандай жағалауда балаларымен демалып жүрген Павлодар қаласының тұрғыны жақын жерде отырған топқа ескерту жасаған. Олар да балаларымен демалып, сыра ішіп, мас болып айқайлап, балағат сөздер айтқан. Салдарынан ішімдікке мастанған топ арасындағы әйел ескерту жасаған тұрғынды пышақпен жарақаттаған”, – деді полиция департаменті.

 



Жедел жәрдем дәрігерлері зардап шеккен адамды орташа ауыр жағдайда ауруханаға жеткізді.

Денсаулық сақтау басқармасы әйелге сол жақ бұғана үсті аймағының беткі пышақ жарақаты диагнозы қойылғанын атап өтті. Хирург науқасты қарап шығып, амбулаториялық емдеуге жіберді

26 жастағы шабуылшыға қатысты ҚР қылмыстық кодекснің 73-1-бабының 1-бөлігі" денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бойынша әкімшілік іс қозғалды. Бұл бап бойынша ол 15 АЕК көлемінде айыппұл төлейді немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады.

Талқылау