Павлодарда өгей қызын зорлаған 36 жастағы ер адам өмір бойына сотталды
Павлодарда 36 жастағы ер адам өгей қызына жылдар бойы жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Тергеу мәліметінше, алғашқы қылмыс қыз небәрі 8 жаста болған кезде жасалған. Осылайша ол 2022 жылдан 2025 жылға дейін балаға зорлық-зомбылық көрсетіп келген.
Іс материалдарына сәйкес, өгей әке қызды қорқытып, болған жайт туралы ешкімге айтқызбаған. Қылмыстық іс жабық режимде қаралды. Сот айыпталушының кінәсі толық дәлелденген деген қорытындыға келді.
Заңға сәйкес, бұл қылмыс үшін балама жаза қарастырылмаған, сондықтан оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушы жазасын төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейді.
"Сот үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ өмір бойына кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды", – дейді Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметінің жетекшісі Агидель Ибраева.

Бұған дейін Ақтөбе облысында ер адам 15 жастағы көрші қызды зорлады деп айыпталған еді. Қыздың туыстарының айтуынша, күдікті – жасөспірімді бала кезінен білетін 22 жастағы көрші жігіт.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды