Ақтөбе облысында ер адам 15 жастағы көрші қызды зорлады деп айыпталды

Ақтөбе облысында 15 жастағы қыз көрші жігіттің өзін зорлағанын айтты. Полиция зорлау фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қыздың туыстарының айтуынша, күдікті – жасөспірімді бала кезінен білетін 22 жастағы көрші жігіт.
“Криминальный Казахстан” Telegram арнасының мәліметінше, жантүршігерлік жағдай 19 мамыр күні болған. Ол құрбысымен серуендеуге шығып, оның үйіне кірген. Үйде құрбысының ағасы болған. Жәбірленушінің жақындары қызды зорлаған сол жігіт деп отыр.
“Қызды өлтіремін деп қорқытқандықтан жасөспірім болған жағдайды осы уақытқа дейін жасырып келген”, – дейді туыстары.
Арада біраз уақыт өткен соң қыз болған жағдайды ағасына айтып берген. Осыдан кейін ағасы полицияға жүгінген.
Мектеп оқушысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әпкесі оны ауылдан алып кеткен. Туыстарының айтуынша, күдіктімен бір ауылда қалу қыз үшін қауіпті болған.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті бұл дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын растады.
"Күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ведомство.
ОқыңызБұған дейін ер адам 13 жастағы қызды тұтқында ұстап, зорлады деген күдікке ілінген еді.
Алдын ала мәлімет бойынша, кешкі сағат 18:00 шамасында 13 жастағы қыз дүкеннен шыққан. Сол кезде 40 жастағы ер адам оны мотоциклмен қыдыртып келемін деп алдап, ауыл сыртында алып кеткен. Кейін ол қызды тқтқында ұстап, жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен.
Көкжайлаудағы QR-код жұртты шулатты: Аумаққа кіру ақылы болып кетті ме