Солтүстік Қазақстан облысында ер адам 13 жастағы қызды тұтқында ұстап, зорлады деген күдікке ілінді
Солтүстік Қазақстан облысында 13 жастағы қызды ауыл сыртына алып кеткен 40 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Криминальный Казахстан” Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 1 шілдеде Айыртау ауданында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, кешкі сағат 18:00 шамасында 13 жастағы қыз дүкеннен шыққан. Сол кезде 40 жастағы ер адам оны мотоциклмен қыдыртып келемін деп алдап, ауыл сыртында алып кеткен. Кейін ол қызды тқтқында ұстап, жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен.

Оқушыны іздеу жұмыстары түні бойы жалғасқан. Тек таңғы сағат 05:00 шамасында қыз ауыл сыртынан табылды.
Қазір күдікті құқық қорғау органдары тарапынан ұсталды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Жасалған қылмыстың ауырлығын ескерсек, ер адамға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен