Павлодарда коронавирус жұқтырған оқушылар саны 11-ге жетті
Павлодар қаласында 1 қыркүйектен бастап COVID-19-ды 78 адам жұқтырған. 18 жасқа дейінгі балалар арасында 17 жағдай анықталды, оның 11-і мектеп жасындағы балалар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Өңірдің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, аудандар бөлінісінде: 5 жағдай Шарбақты ауданында, 5 жағдай Павлодарда және біреуі Ақсу ауданында тіркелді.
Ауырғандардың алтауы қашықтан, 5-еуі - күндізгі бөлімде (Шарбақты ауданының "Алексеевка ЖОМ" КММ, Павлодар қаласының № 10 мектеп-лицейі) оқыған.
Бұған дейін Павлодар облысында 9 оқушы коронавирус жұқтырғаны хабарланды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған