Павлодарда қызы туған анасын соққыға жықты
Павлодар қаласының тұрғыны өз анасын соққыға жыққан. Полиция оны 10 тәулікке қамады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалалық полиция қызметкерлері отбасылық жанжал шығарушы есебінде тұрған 36 жастағы тұрғынды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру кезінде өз анасын соққыға жығу фактісін анықтаған. Полиция мәліметінше, жанжал шығарушы әйел бұған дейін қоғамдық орындарда ішімдік ішкені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған екен.
Аталған факт бойынша ҚР ӘҚБтК 73-бабы 2-бөліміне (Ұрып-соғу) сәйкес хаттама толтырылып, сотқа жолданды.
«Анасын соққыға жыққан қызына қатысты учаскелік полиция инспекторының қолдаухатымен, Павлодар қаласының мамандандырылған сотының шешімімен жүріс тұрысына қатаң талап қойылды және 10 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза салынды», - делінеді хабарламада.
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған
Қазақстандық анасы қайтыс болған соң Мысырға алған турынан бас тартып, ақшасын толық қайтара алмай жүр
Галина: "Неге Қазақстан заңнамасында мұндай жағдайда ақшаны қайтарудың орнына негізсіз айыппұл салады?"