Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда ер адам кішкентай қыздың телефонын тартып алып, қашып кеткен

Павлодар тұрғыны кішкентай баланың телефонын тартып алып, полицияның назарына ілікті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бірер күн бұрын Павлодардағы Сәтпаев көшесінде үй ауласында достарымен ойнап жүрген қыз уақытты қараймын деп қалтасынан телефонды шығарған. Кенет оның жанына ер адам жетіп келіп, қолындағы телефонын жұлып, қашып кетеді. Патрульді полиция батальонының аға инспекторы Олжас Тілеубергенов оқиғаның куәсі болып, қызға көмектесті. 

"Үйден шығып бара жатып, кішкентай қыздың көмек сұрағанын естідім. Бала соңғы подъездердің біріне қол нұсқады, сол жерден қашып бара жатқан жігітті көрдім", –  дейді полицей. 



Полицей тез арада күдіктінің артынан жүгіріп жетіп, оны ұстайды. Қыздың телефоны ер адамның қолынан табылады. Олжас Тілеубергенов 102 нөміріне хабарласып, қылмыскерді патрульге табыстайды. 

"Күдікті мемлекетаралық іздеуде болып, соттан қашып жүрген. Қазіргі таңда аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 191-бабы, 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр", –  деп хабарлады полиция. 

Талқылау