Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында екі баласы мен ата-анасы үйде қамалып, иіс газына уланып қала жаздады

Бүтін бір отбасы мүшелері үйде қамалып қалып, иіс газына уланып қала жаздады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері келіп жетіп, 4 адамды құтқарды. Олар өз пәтерінде қамалып қалған. 

13 қыркүйек күні сағат 04:43-те құтқару қызметіне үй иесі пәтерінің есігін аша алмады деген ақпарат түскен. Белгілі болғандай, ер адам сол уақытта өзін жайсыз сезініп, ұйқыдан оянған. Ол, тіпті галлюцинация көре бастаған. Пәтерден газдың кемуі анықталды. Үйде ер адамның әйелі мен екі баласы болған. Оның үстіне, есік құлттанып, ашылмай қалған. Құтқарушыларды шақыруға тура келген. 



ТЖД қызметкерлері оқиға орнына дер кезінде жетті. Олар арнайы құралдардың көмегімен есікті ашты. 

Құтқарушылар зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіп, оларды қауіпсіз жерге шығарды. Оқиға орнына жеткен 103 қызметкерлеріне екі ересек пен екі бала табысталды. 

Зардап шеккендер ауруханаға жатудан бас тартқан. 
 

Талқылау