Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлық отбасы Ертіс өзенінен адамның жақ сүйегінің бір бөлігін тауып алды

Ертіс жағасында демалған павлодарлық отбасы адам жағына ұқсас сүйек тауып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

сүйектер

Оқиға туралы "Вита" қоғамдық ұйымының еріктілері мәлімдеді. 

"Отбасы жағалауда демалып жүріп суда жақтың бір бөлігін тауып алған. Алайда судан алып шықпай, бізге хабарласты, Қай жерде демалғандарын айтты", – дейді "Вита" Павлодар іздеушілері" қоғамдық ұйымының басшысы Екатерина Кудрявцева. 

Ертіс жағалауына келген еріктілер өзеннен өзге сүйектерді тапқан. 

"Жақтың сынығын іздеп жүріп жағалауда шашылған өзге де сүйектерді таптық. Бір сағат өткен соң біздің ерікті Константин жақтың бөлігін таба алды. Сүйекті құм жауып қалған. Жақ сүйегі адамдікіне ұқсағанымен, барлық сүйектер адамдікі деп айтап алмаймыз. Мамандар анықтайды деп ойлаймыз. Өкінішке орай, біз жағалауда немесе суда, балық аулап жүріп, шомылып жүріп жоғалып кеткен адамдардың оқиғасын білеміз", – дейді Кудрявцева. 

Еріктілер табылған сүйектерді беруге дайын, алайда әзірге ешкім қызығушылық танытпаған. 

"Барлық сүйектерді жинадық, біздің көлікте жатыр. Бірақ сараптамаға беру үшін ешкім сұраған да жоқ. Сүйектер ескі секілді. Дегенмен бізде суға кеткен адамдар ондаған жылдардан бері табылмаған. Бірнеше жыл бұрын бала "Алтын құмда" жоғалып кеткен, анасы тауып бергендер үшін сыйақы да ұсынған. Алайда табылмады. Елестетіп көріңізші, Омск қаласына ағынмен жақтың екінші жартысын апарып тастайды. Ал туыстары бұл туралы білмейді", – деп түсіндірді ол.

Талқылау