Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда дәрігерлер диагнозды кешіктіріп қойғаны үшін әйелдің өміріне қауіп төнді

Павлодарда басы ауырып жедел жәрдем шақырған 58 жастағы Ирина Быковскийдың туыстары алғашқы көмек дұрыс көрсетілмегенін айтып, шағымданды. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.

Алғашқыда оны ауруханаға қабылдамаған. Кейін барып “инсульт” диагнозын қойды. Ал, бүгін мүлде басқа мүшесіне ота жасды.

“Оны облыстық ауруханағаа жеткізгенде, оған система мен екпе салды. Дәрігерлер басын түсірмей (МРТ головног мозга) диагноз қоя алмаймыз деді. Бұл 2 қаңтар болатын. Барлық жерде жемалыс біз басын ешқайда түсіре алмадық”, – дейді зардап шегуші әйелдің қызы Надежда Бахарева

Надежданың айтуынша, оның аанасы бірнеше рет дәрігерлерге қаралған. Бірақ анасының жағдайы одан сайын нашарлаған. Оның анасы еденде жатқанын көріп қатты қорыққан. Ирина Быковский ес-түссіз жатты. Бірнеше сағаттан кейінқызы дәрігерлерге хабарлап, оның анасының басы қатты ауырып жатқанын айтты. Бірақ, дәрігерлер қызға ешқандай уайымдамаудық қажеті жоқ екенін ескерткен.

Мереке күндері Иринаны туыстары ауруханаға жеткізді. Бірақ, дәрігерлер бас миның түсірген сурет талап етті. Кейін әйелдің жағдайы тіптен нашарлаған. Содан кейін дәрігерлер Иринаны қаабылдап, оған инсульт диагнозы қойылды.

“Бүгін бірінші қалалық ауруханада әйелдің миына ота жасалды. Әзірше ешқандай өзгеріс жоқ”, – дейді Надежда.

Қызының айтуынша, оның анасының өмірі қыл үстінде тұр. Олар отбасымен анасының денсаулығы мен өмірі үшін құдайға ғана сыйынатынын айтты.

Павлодар облыстық денсаулық сақтау бөлімі әйелдің кімнің кесірінен алғашқы көмек ала алмағанына жауап беруден бас тартты.

Тағы оқыңыз:

Тағы бір қазақстандық жас әнші Францияда танылды

Талқылау