Павлодарда 8 жасар баланы ит қауып алды
Павлодарда 8 жасар баланы ит қауып, жарақат салды. Енді ит иесі айыппұл төлеуі керек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Павлодар облысының тұрғыны полицияға жүгініп, кәмелетке толмаған баласын ит қауып алғанын айтты.
Белгілі болғандай, бала жеке үйлердің бірінің шарбағында қарғыбаумен жатқан итті сипаламақ болған.
Ережеге сәйкес, жеке тұрғын үй-жайлардың иелері иттердің ауладан шығып кетуіне жол бермей, жеке аула шекарасында ұстауы керек. Сондай-ақ кешенге кіре берісте аумақта ит бар екендігі туралы ескерту белгісі болуы керек.
Ит иесі бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі