Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысындағы бірнеше елді мекеннің атауы өзгереді

Павлодар облысында бірнеше ауылдардың атаулары өзгерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл облыстық мәслихаттың VIII кезектен тыс сессиясында белгілі болды. Жергілікті депутаттар бірауыздан елді мекен атауларын өзгертуге келісті. 

Қазақстандық музыкант Скриптонит туып-өскен Ленин кенті енді Атамекен боп өзгереді. Депутаттар Железин ауданының Озерное ауылдық округін Майлы ауылдық округі, Озерное ауылын  Майлы ауылы деп атауға келісті. 

“Тереңкөл ауданының Бобровка ауылдық округі – Жаңа бет ауылдық округі, Федоровка ауылдық округі – Томарлы ауылдық округі, Федоровка ауылы – Томарлы ауылы, Верненка ауылдық округі – Алтай ауылдық округі, Львовка ауылы – Алтай ауылы, Воскресенка ауылдық округі –  Әулиеағаш ауылдық округі, Воскресенка ауылы –  Әулиеағаш ауылы, Березовка ауылы Аққайың ауылы және Трофимовка ауылы Қоржынкөл ауылы болып қайта аталады”, – делінген отырыста.

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі  басқармасының басшысы Медет Тауасқан "Павлодар облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы" бірлескен қаулы мен шешім жобасымен таныстырды. 

“Бұл бірлескен қаулы мен шешім жобасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" заңына  сәйкес енгізілді.  Елді мекендерді қайта атау мәселесі 2023 жылдың 23 қарашасында облыстық ономастика комиссиясының отырысында қаралып, оң қорытындыға ие болды”, – деді Медет Тауасқан.

Талқылау