Павлодар облысында есірткі сатқан жігіт 10 жылға бас бостандығынан айырылды
Павлодар облысы полиция департаменті есірткіні жасырумен айналысқан жас жігіт 10 жылға бас бостандығынан айырылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: polisia.kz
2023 жылғы маусымда 19 жастағы павлодарлық жұмыс іздеген. Ол бәс тігіп, қарызға белшесінен батқан. Осылайша, лудоман интернеттегі бір сайттан жұмыс тауып, оңай жолмен ақша табуға кіріскен. Ол есірткіні жасырумен (закладчик) айналысқан.
"Күдіктіні полиция есірткіні жасырып жатқанда ұстады. Тексеріс барысында оның күртешесінің қалтасынан 18 грамнан аса психотропты зат тәркіленді. Соттың үкімімен есірткі сатумен айналысқан жас жігіт 10 жылға бас бостандығынан айырылды", – деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, таяуда тәртіп сақшылары жедел іздестіру шаралары барысында Алматы облысы Іле ауданындағы саяжайда синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан 22 жастағы қызды ұстағаны туралы мәлімет бердік. Тәртіп сақшылары 45 келіден астам синтетикалық есірткіні тәркіледі, бұл 90 мың бір реттік дозаға тең. Дәрілердің құрамы тиісті сараптама арқылы расталды.