Алматыда қонақтарға мефедрон сатқан лаунж-бар қызметкері ұсталды
Алматы прокуратурасы қаладағы лаунж-барлардың бірінде арнайы операция өткізіп, заң бұзған қызметкерді ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы прокуратурасының тапсырмасына сәйкес, ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері қаладағы түнгі ойын-сауық орнында есірткі заттарын тарату қызметінің жолын кесті.
"Арнайы операция нәтижесінде жұмыс орнында синтетикалық "мефедрон" есірткісін сатқан 21 жастағы лаундж-бардың қызметкері (кальяншы) ұсталды", – делінген хабарламада.
Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.
- Есірткі беріп, 2 жыл зорлап келген: Алматы облысында бірнеше ер адамнан жәбір көрген 17 жастағы қыздың анасы әділдікті талап етеді
Еске салайық, таяуда тәртіп сақшылары жедел іздестіру шаралары барысында Алматы облысы Іле ауданындағы саяжайда синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан 22 жастағы қызды ұстағаны туралы мәлімет бердік. Тәртіп сақшылары 45 келіден астам синтетикалық есірткіні тәркіледі, бұл 90 мың бір реттік дозаға тең. Дәрілердің құрамы тиісті сараптама арқылы расталды.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды