Павлодар облысында бала он метр биіктіктен құлап кетті
Павлодар облысында иесіз қалған ғимаратта ойнап жүрген 14 жастағы бала он метр биіктіктен құлап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"9 сәуірде Қалқаман ауылында Промышленная көшесіндегі иесіз қалған ғимаратта ойнап жүрген 2008 жылы туған кәмелетке толмаған бала 10 метр биіктіктен құлап кетті", – делінген полиция хабарламасында.
Салдарынан бала түрлі жарақаттар алып, Павлодар ауруханасына жеткізілді.
Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте ер адам атракционнан құлап кеткен еді. Оқиға Бәйдібек би көшесіндегі Жайлаукөл саябағында болған.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық