Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте ер адам аттракционнан құлап кетті (видео)

Шымкентте ер адам аттракционнан құлап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға туралы ақпаратты заңгер Евгений Яворский әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған. Айтуынша, азамат құзға өрмелеу кезінде аттракционнан құлап кеткен. 

10 сәуір күні кешке Шымкент қаласындағы Бәйдібек Би көшесіндегі Жайлаукөл саябағында қайғылы оқиға орын алды. 20 жастағы жігіт құзға өрмелеу кезінде аяғы тайып, құлап түсті. Көктем басталып жатыр. Тұрғындар ойын-сауық саябақтарына, су қоймаларына барады. Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін барлық техникалық құралдарға толық ревизия жүргізу керек”, – деп жазған ол. 

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты растады. Қазір ер адам комада, жағдайы ауыр. 

“10 сәуірде жедел жәрдем қызметіне саябақтан ер адамның биіктен құлап, жарақат алғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді. Тексеру кезінде науқастың басының маңдай аймағының жыртылғанын анықталды. Хирургиялық ем жүргізілді.Науқастың жағдайы ауыр, ол жансақтау бөлімінде жатыр", - делінген хабарламада. 

Шымкент қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған. 

"2022 жылдың 10 сәуірінде Бәйдібек би көшесіндегі аттракциондар саябағында орын алған жайт бойынша Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерімен ҚР ҚК 306-бабының 1-бөлігі бойынша (тұтынушылар өмiрiнiң немесе денсаулығының қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, оның барысында жайттың барлық мән-жайы анықталатын болады", - дейді полиция департаментінен. 

 

Талқылау