Павлодар облысында 12 күн бойы іздеуде болған екі баланың анасы табылды
Павлодар облысында жоғалып кеткен екі бүлдіршіннің анасы 26 жастағы Диана Сағынтаева аман-есен табылды. Оны VITA тобының еріктілері 12 күн бойы іздеген болатын. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Деректерге сай Диана Ертіс ауданы Қызылжар ауылында орналасқан үйінен Павлодарға жұмысқа шығып, 12 күн бойы хабарсыз кеткен.
"Барлықтарыңызға рахмет! Полиция тапты, аман. Өзіңіз бен жақындарыңызға қамқор болыңыз", - делінген еріктілердің Instagram парақшасында.
Кішкентай балалардың анасы осы уақыт ішінде қайда болды және неліктен жоғалып кеткені белгісіз.
Желі қолданушылары “қыдырғысы келген шығар" деп пікір қалдыруда.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”