Жамбыл облысында көлігіне шана байлап, балаларды сырғанатқан жүргізуші жазаланды
Жамбыл облысында балаларды көлікке байланған шанамен сырғанатқан жүргізуші жауапқа тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: polisia.kz
Қаратау қаласында полиция қызметкерлері жол қозғалысына қауіп төндіре отырып, балалар отырған шананы көлікпен сүйреген жүргізушінi анықтады.
“Құжаттарын тексеру кезінде ер адамның көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екені белгілі болды. Ал оның жолаушылары кәмелетке толмаған жас балалар болған. Өзінің жауапсыз және қауіптi әрекеті үшін құқық бұзушыға әкімшілік хаттама толтырылып, 73 840 теңге көлемінде айыппұл салынды”, – делінген полиция хабарламасында.
Жасөспірімдердің ата-аналары кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 36920 теңге көлемінде айыппұл төлейді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған