"Мәйітті өртемек болған": Павлодар облысында асқан қатыгездікпен өлтірілген әйелдің денесі табылды

Павлодар облысында асқан қатыгездікпен өлтірілген әйелдің мәйіті табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, мәйіті ферроқорытпа зауытынан бірнеше шақырым жерде, Ақсу қаласына баратын жолдан табылған. Сондай-ақ ақпаратта әйелдің зорланған болуы мүмкін екені және мәйітті өртемек болғаны да айтылған.
Павлодар облыстық полиция департаментінің ақпаратты растап, күдіктінің ұсталғанын хабарлады.
"Ақсу қаласында әйелді өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген хабарламада.
Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Өрт сөндіргіш, дәрі қобдишасы, апат белгісі: 2026 жылы Қазақстанда көлікте қандай заттар болуы керек
Мопедте болуы керек құжаттар тізімі де аталды
Қатерлі ісікке шалдыққан жігітке ғашық болған қазақстандық қыздың махаббаты оны сырқатынан айықтырды
Аружан Райымбектің жағдайын өте ауыр қабылдаған, тіпті сауығып кеткенше көзі жастан құрғамаған
Оқыңыз