Астаналықтар әлі іске қосылмаған LRT тіректерінің бояуы сыпырылып түсіп жатқанына шағымданды
Астаналықтар әлі іске қосылмаған LRT тіректерінің бояуы сыпырылып түсіп жатқанына наразылық білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Threads қолданушысы Астанадағы LRT құрылысының жағдайына шағымданды. Жазба авторының айтуынша, жүйе әлі іске қосылмағанына қарамастан, нысаннан бояу түсіп жатыр.
Жазба желіде қызу талқыға түсті. Кейбіреулер бұл жағдайды басқаша шешуге болар еді деген пікірде.
"Бетон тіректерді суретшілерге берсе ғой, арт-нысандар жасап шығар еді, студенттер дипломдық жұмыстарын да жүзеге асырар еді", – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Енді бірі керісінше, жобаны қолдап пікір білдірді.
"Адамдарға жақпайсың, бәрін ретке келтіріп жатыр, ал сіздер тек кемшілік іздейсіздер. Осындай әсем қала үшін алғыс айтатын кез келді", – деп жазды пікір қалдырушылар.
Тағы бір Threads қолданушысы бетон тіректерге бояу не үшін қажет екенін түсіндіріп берді.
“Бетонды бояу не үшін қажет деп сұрағандар үшін, бетон – кеуекті материал, қорғаныш қабаты болмаса, ол жауын-шашын мен климаттық әсердің салдарынан бұзылуы мүмкін”, – делінген жазбада.
Еске салсақ, бұған дейін LRT жүйесі әлі толық іске қосылмаса да, желі тіректерінің бояуы қабыршақтанып, түсе бастағаны туралы жазған едік. Жағдайға қатысты City Transportation Systems компаниясы түсініктіме берәп, бояу жұмыстары әлі аяқталмағанын хабарлаған еді.
"Тіректер мен жол өткелінің элементтерін бояу жұмыстары қыс мезгілінде тоқтатылды. Ауа райы жылыған соң, бояу жұмыстары аяқталады", – делінген компания хабарламасында.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді