Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Осындай ене бұйырсын": Айнұр Тұрсынбаева келінінің туған күніне темір тұлпар сыйлады

Айнұр Тұрсынбаева келінімен
Фото: Видеодан скриншот

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева келініне су жаңа көлік мінгізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Танымал коуч отбасы үшін қуанышты жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ақынның келіні 26 жасқа толып жатыр. Ол сондай-ақ жазбасында келініне ақ тілегін арнады.

“Осындай қызды өсірген құда-құдағиға мың алғыс! Бағың бес елі болсын алтыным! Үбірлі-шүбірлі бол, аяулы ана, сүйікті жар болып бақытты бол! Ұлым екеуің қол ұстасып бірге жүр! Біз сені өте жақсы көреміз”, – деп жазған ол.

Желі қолданушылары айтыскер ақынның сыйлығына таңданып, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

“Сіз сияқты ене болу, сіз сияқты енелі болу бұйырсын, кең жүрегіңізден айналдым”, “Міне, нағыз молшылықтың белгісі”, “Мен танитын нағыз жомарт жан, үнемі айналасындағыларды қуантып жүреді”, – деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Айнұр Тұрсынбаева қолындағы 5 караттық сақинасын Наркенже Серікбаеваға сыйға тартқаны хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Сәрсенбі, 22 Сәуір, 2026 16:35