Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда телефонға қараймын деп төрт адамның өмірін қиған жүргізуші 5-ақ жылға сотталды

Жол апаты сот
Фото: freepik.com

Ақмола облысында жол апатынан төрт адамның өліміне сеьепкер болған жүргізуші бес жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

2025 жылы тамыз айында "Астана-Петропавл" тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды. 

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты айыпталушыны 5 жыл бас бостандығынан және 7 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырды.

Сондай-ақ сот оған төрт жәбірленушінің әрқайсысына 5 миллионнан 8 миллион теңгеге дейін моральдық шығын өндіруді және соттағы өкілдік шығындар мен жәбірленушілерге материалдық залалды өтеуді міндеттеді.

Іс қымыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі  (Жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан үш адамның денсаулығына ауыр зиян келіп, төрт адамның өлімі) бойынша қаралды.

“Айыпталушы қала арасында А, С және Б есімді жолаушыларды тасымалдаған. Олар қауіпсіздік белдігін тақпаған және міндетті сақтандыру шарты жасалмаған. Жүргізуші көлікті сағатына 100 шақырымнан жоғары жылдамдықпен айдап, жолдың бұл бөлігінде белгіленген сағатына 80 шақырым шектеуді асырған. Сондай-ақ ол мобильді телефонға алаңдап отырған. Осылайша көлікті тоқтату мүмкіндігі болса да, тиісті шара қолданбаған. Сөйтіп келесі көлікке соқтығысқан.”, – деді сот.

Салдарынан ол жол қозғалысына қауіп төндіріп, қарсы бағыттағы жолаққа шығып, көлікті басып озып озып, апаттық жағдай тудырған.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан ауыр дене жарақаттарынан қарсы бағыттағы көліктің жүргізушісі Т және оның жолаушылары Ж, Ф, Р қаза тапты. Ал сотталушының көлігіндегі үш жолаушы (А, С және Б) әртүрлі дәрежедегі жарақат алды”, – делінген хабарламада.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 22 Сәуір, 2026 16:09