Депутаттар "Сергек" камераларын агрессивті мінез-құлықты анықтауға үйретуді ұсынды

Мәжіліс депутаты Құдайберген Бексұлтанов сөйлеу мәдениетін насихаттап, білімді әрі мәдениетті болуға үйрететін қазақстандық блогерлер мен инфлюенсерлерге грант енгізу ұсынды. Сондай-ақ "Сергек" камераларын агрессивті мінез-құлықты анықтауды үйрету керек дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Депутат қоғамда дөрекілік пен агрессияның көбейіп бара жатқанын, оның уақыт өте келе оның қалыпты құбылыс ретінде қабылдана бастағанын және бұл әлеуметтік желілер мен қоғамдық ортада да байқалатынын атап өтті.
"Қоғамдық этика мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мәселесіне мемлекеттік жүйелі түрде мемлекет араласу керек деп санаймын. Бүгінде біз моральдық сүзгілердің ескіргенін байқап отырмыз. Дөрекілік, агрессия және бейәдеп сөздер күнделікті әдетке айналып, біздің мәдени кодымыздың негізіне қауіп төндіріп отыр", — деп атап өтті депутат.
Ол басқа елдерде де мұндай тәжірибелер бар екенін алға тартт. Мысалы, Жапония мектептерінде міндетті түрде "Дотоку" атты моральдық тәрбие курсы оқытылады, ал Финляндияда буллинг пен агрессияға қарсы арнайы бағдарламалар бар.
Оның айтуынша, Қазақстанда сөйлеу мәдениеті мен этикетке үйретуді күшейтуге болады.
“Зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас бойынша арнайы модульдер енгізіп, "Таза ниет – Таза сөз" бастамасын кеңейту және мемлекеттік тапсырысты қайта қарап, көбірек позитивті әрі мәдени мазмұнға басымдық беру қажет. Сөйлеу мәдениетін және ұлттық әдебиетті насихаттайтын блогерлер мен инфлюенсерлерге грант бөлу қарастырылуы тиіс", – деді Құдайберген Бексұлтанов.
Сонымен қатар депутат өңірлердің қоғамдық мәдениет деңгейі бойынша рейтинг енгізуді ұсынады. Бұл рейтинг жыл сайын жүргізілетін тәуелсіз зерттеулер негізінде есептелмек.
“Мұндай көрсеткіштер әкімдердің жұмысына берілетін бағаға да әсер етуі мүмкін. Интернеттің жастардың мінез-құлқына қатты ықпал етеді, сондықтан осы шаралар тиімді болуы мүмкін. Мәдениетті мінез-құлық жоғары әлеуметтік мәртебенің белгісіне айналуы тиіс. Біз мәдениетті болу беделді, ал дөрекі болу әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан тиімсіз болатын орта қалыптастыруымыз керек”, – деп санайды ол.
Өрт сөндіргіш, дәрі қобдишасы, апат белгісі: 2026 жылы Қазақстанда көлікте қандай заттар болуы керек
Оқыңыз