Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына тыйым салынуға тиіс – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өңірлік экологиялық саммитте мүдделі халықаралық тараптарды Каспий теңізін сақтау жолында күш-жігер біріктіруге шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президент қазақстандықтар қарт Каспийдің тағдырына алаңдаулы екенін жеткізді.
“Теңіз айдынын қорғау – аймақта экологиялық тепе-теңдік пен биоалуантүрлілікті сақтау, орнықты дамуды қамтамасыз ету тұрғысынан айрықша маңызды. Осы орайда Қазақстан Каспий теңізінің тартылуына жол бермеу үшін мемлекетаралық бағдарлама қабылдау жөнінде бастама көтерді, Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институтын құруға ұйытқы болды. Аталған мекеме өңірлік деңгейдегі ғылыми ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді”, – деді Қасым-Жормарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы барша мүдделі халықаралық тараптарды табиғаттың осынау асыл қазынасын сақтау жолында күш-жігер біріктіруге шақырды.
“Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды. Оған қатаң тыйым салынуға тиіс", – деді президент.
Өрт сөндіргіш, дәрі қобдишасы, апат белгісі: 2026 жылы Қазақстанда көлікте қандай заттар болуы керек
Оқыңыз