Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өрт сөндіргіш, дәрі қобдишасы, апат белгісі: 2026 жылы Қазақстанда көлікте қандай заттар болуы керек

көлікте болу керек заттар
Фото: жасанды интеллект көмегімен жасалған

2026 жылы Қазақстанда автокөлік жүргізушілеріне арналған міндетті жиынтық тізімі жаңартылды. Енді көлікте алғашқы көмек қобдишасы (аптечка), өрт сөндіргіш, авариялық тоқтау белгісі және шағылыстырғыш жилет болуға тиіс. Бұл заттар көлікте табылмаса 21 625 теңге айыппұл салынады. Сонымен автокөлік пен мотоциклде қандай заттар болуы керек? Stan.kz ақпарат агенттігі түсіндіреді.

 

Автокөлікте болуы керек заттар

Көлік жүргізуші қауіпсіздік мақсатында көлігін ең қажет құралдармен жабдықтауға тиіс. Оларға өрт сөндіргіш, алғашқы медициналық көмек қобдишасы, апаттық тоқтау белгісі жатады. Сонымен қатар жүргізуші өзімен бірге тиісті құжаттарды алып жүруі қажет.

Қазақстандағы жол қозғалысы ережелеріне сай, автокөлікте болуы керек заттар:

  • "Құжаттар"
  • "Автокөлік медициналық алғашқы көмек жинағы"
  • "Өрт сөндіргіш"
  • "Авариялық тоқтату белгісі"

Автокөлікте болуы керек базалық заттар тізімі осындай. Бұған GAS және "Электрмобиль" белгісі де кіреді. Газбен жүретін көлікте GAS белгісі болуы керек. "Электромобиль" белгісі гибридті қоспағанда, барлық электромобильдерге қолданылуы керек.

Бұдан бөлек минималды жинақ белгіленген. Оған кіретін заттар:

  • "Шағылыстыратын киім"
  • "Қосалқы доңғалақ"
  • "Домкрат"
  • "Балон кілті"
  • "Стандартты бұрағыш"

Ережеге сай, негізгі жинақ та көрсетілген. Онда мына заттардың тізімі берілген:

  • "Манометрі бар сорғы немесе компрессор"
  • "Сүйреу тросы"
  • "Жарықтандыруға арналған сымдар"
  • "Құралдар жинағы"
  • "Қолғаптар"
  • "Су"
  • "Мұздануға қарсы сұйықтық"
  • "WD-40"
  • "Мұз қырғыш"
  • "Жарық шамдары, төмен және жоғары сәулелер"
  • "Сақтандырғыштар және олардың орнату схемасымен"
  • "Изолента және пластикалық қысқыштар"
  • "Шүберек"

Қазақстандағы жол қозғалысы ережелеріне сай, автокөлікте тағы қосымша бұйымдарды ұстау ұсынылған. Бұл заттар қала ішінен тыс, ұзақ сапарға шыққан жолаушыларға арналған.

Ұсынылатын жиынтық:

"Жиналмалы күрек"
"Маңдай шамы"
"Көрпе немесе оқшауланған ұйықтайтын қап"
"Пісіруді қажет етпейтін жоғары калориялы тағам"
"Термос кружкасы"
"Қала жоспарлары және жол атласы"

Аталған заттар көліктен табылмаса және жарамдылық мерзімі өткен болса 21 625 теңге айыппұл салынады

Бұл заттар жарамды әрі толтырылған болуы керек. Ондай болмаған жағдайда және жалпы заттың өзі көліктен табылмаса, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы, 5-бөлігіне сай, 5 АЕК (21 625 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған. Егер бір жыл ішінде ереже қайта бұзылса, айыппұл көлемі 10 АЕК-ке (43 250 теңге) дейін артады.

Алғашқы медициналық көмек қобдишасында не болуы керек?

1. Сутегі асқын тотығы (3% ерітінді) – 1 құты
2. Стерильді дәке бинті (5 м × 10 см) – 1 дана
3. Стерильді емес дәке бинті (5 м × 10 см) – 1 дана
4. Стерильді емес дәке бинті (7 м × 14 см) – 1 дана
5. Медициналық стерильді дәке сулықтары – 1 дана
6. Стерильді таңғыш пакеті – 1 дана
7. Медициналық гигроскопиялық стерильді мақта (50 г) – 1 дана
8. Қан тоқтатуға арналған жгут – 1 дана
9. Бактерицидті лейкопластырь – 5 дана
10. Медициналық лейкопластырь – 1 дана
11. Серпімді түтікше бинт (№1, №3, №6) – әрқайсысынан 1 дана
12. Медициналық стерильді емес қолғап – 1 жұп
13. Доғал ұшты қайшы – 1 дана

Автокөліктегі медициналық қобдиша да жарамды болуы шарт. Әдетте мұндай қобдишалардың жарамдылық мерзімі – 4-5 жыл. Мерзімі өткен дәрі қобдишасын толық ауыстыруға да, мерзімі өтіп кеткен бөлігін ғана алып, жаңалауға да болады.

Өрт сөндіргішке қойылатын талаптар:

Жеңіл автокөліктер үшін – көлемі 2 литрге дейінгі бір өрт сөндіргіш
Автобус пен жүк көліктері үшін – екі өрт сөндіргіш (бірі жүргізуші кабинасында, екіншісі жолаушылар салонында немесе жүк бөлігінде болуы керек)
Қауіпті жүктерді тасымалдайтын көліктер үшін – кемінде 5 литрлік екі өрт сөндіргіш

Мотоцикл мен мопедте қандай заттар болуы керек?

Әдетте мопед жүргізушілерінің тиісті құжаттары және басында бауы тағылған шлемі болғаны тексеріледі.

Мопедте болуы керек құжаттар тізімі:

  • Тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі (A, A1 немесе B)
  • Техникалық паспорт (көлік құралын тіркеу туралы куәлік – СРТС)
  • Міндетті сақтандыру полисі (ОГПО).
  • Тіркеу: Мопедтер мен мотоциклдер полицияда тіркелуге тиіс және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері (ГРНЗ) болуы қажет.

Техникалық тексеріс:

Жыл сайын міндетті техникалық тексерістен өтуі керек. Жаңа мопедтер 1 жылға дейін бұл талаптан босатылады.

Қауіпсіздік жабдығы:

Жүргізуші мен жолаушы міндетті түрде мотошлем киюі керек, шлемнің бауы тағылып тұруға тиіс.

Жаңа ережелерде мопедтерді пайдалануға да қатысты талаптар бар:

рульді кем дегенде бір қолмен ұстамай басқаруға тыйым салынады

автомагистральдарда жүруге болмайды,

ал жүргізуші мен жолаушы міндетті түрде тағылған мотошлемде болуға тиіс.

Мотоцикл иелеріне көбірек құжат керек

Әдетте мопедтің қозғалтқыш көлемі 50 см³-тен аспайды. Ал мотоциклдер көбіне бұл көлемнен асып кетеді. Осыған орай мотоцикл жүргізушілеріне көбірек құжат керек. Егер қозғалтқыш көлемі 50 см³-тен асса, онда кеңейтілген құжаттар пакеті қажет болады. Оның ішінде кедендік декларация, көлік құралының электронды паспорты және сатып алу-сату шарты болуы қажет.

Еңлік Сақтан
Сәрсенбі, 22 Сәуір, 2026 10:00