Таиландта бір айға жуық жансақтау бөлімінде жатқан қазақстандық көз жұмды

Сәуір айында Таиландтағы жансақтау бөлімінде бір ай жатқаннан кейін Қазақстанға оралған Қостанай тұрғыны Алексей Вивтоненко қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Наша Газета" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
36 жастағы Алексей Таиландта ауыр дертке шалдығып, бірнеше ай бойы өмірі үшін күрескен.
"Алексейдің тағдырына мыңдаған адам алаңдады. Көпшілік оның отбасына қолдау көрсетіп, емделуі мен елге жеткізілуіне қаражат жинауға көмектесті, жаңалықтарды бақылап, сауығып кетуіне үміттенді. Өкінішке қарай, дәрігерлердің барлық күш-жігері мен ұзаққа созылған күреске қарамастан, кеше Алексей өмірден өтті", – делінген жарияланымда.
Биыл ақпан айында Алексей Вивтоненко Пхукет аралында демалып жүрген кезінде жағдайы өте ауыр күйде ауруханаға түскен болатын. Дәрігерлер оған ұйқыбездің 30%-дан астам бөлігінің өліеттенуімен асқынған жедел панкреатит, сондай-ақ тыныс алу және бүйрек жеткіліксіздігі диагнозын қойған. Кейін оның жағдайы сепсиспен, бүйректің жедел зақымдануымен және екі жақты өкпе қабынуымен асқынған.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек