Магистратура бойынша мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
Қазақстан Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2026 жылы магистратураға білім грантын иеленгендердің ресми тізімін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Білім беру гранттары кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды.
Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты. Жалпы конкурсқа 23 мыңға жуық адам қатысты.
Болашақ магистранттарды ЖЖОКБҰ-ға қабылдау 2026 жылғы 28 тамызға дейін жүргізіледі.

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімін сілтемеден көруге болады.
Бұған дейін Депутат "Болашақпен" оқитын жауапсыз студенттер бюджетке қанша шығын әкелетінін есептеп, бағдарлама ережесін өзгертуді ұсынған еді.
Депутат шәкіртақы қаражатын қайтару сомасына индексация енгізу ұсынды. Онда:
- Қайтару сомасын ресми инфляция деңгейіне немесе Ұлттық банк ставкаларына сәйкес түзету;
- Мемлекеттік бағалы қағаздар кірісі бойынша индексация қолдану;
- Қаражаттың уақыттық құнын өтейтін басқа экономикалық негізделген көрсеткіштерді пайдалану көрсетілген.
Магеррамов "Болашақ" бағдарламасына өзгеріс енгізіп, стипендиядан айыру немесе міндеттемелер орындалмаған жағдайда оқу шығындарын индексациялау механизмін қарастыруды ұсынды.