Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер ұзақ өмір сүруге ықпал ететін 7 әдетті атады

қариялар
Фото: pixabay.com

Регенеративті медицина саласының дәрігерлері Камал Уэгл мен Джозеф Пурита ұзақ өмір сүруге көмектесетін жеті әдетті атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Very Well Health басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мамандардың айтуынша, ұзақ өмір сүрудің басты негізі – қозғалыс. Камал Уэгл дене белсенділігін кейінге қалдыруға немесе ұмытуға болмайтын дәрі сияқты қабылдауға кеңес берді.

Сонымен қатар интеллектуалдық дамуды да назардан тыс қалдырмау қажет.

"Ми да бұлшықет секілді, оған тұрақты түрде жаттығу керек", – деді Джозеф Пурита.

Дәрігерлер ұзақ өмір сүрудің тағы бір маңызды шарты ретінде сапалы демалысты атады. Олар күн тәртібін сақтап, күйзелістен кейін ағзаны қалпына келтіруге жеткілікті уақыт бөлуге кеңес берді.

Уэглдің сөзінше, дұрыс тамақтану қартаю процесіне тікелей әсер етеді.

"Зерттеулер тамақтану әдеттерінің адамның қалай қартаятынымен байланысты екенін үнемі көрсетіп келеді. Жеміс-жидекке, көкөніске, бұршақ тұқымдастарға, тұтас дәнді өнімдерге және пайдалы майларға бай тағамдар денсаулықтың жақсы болуымен байланысты", – деді ол.

Сондай-ақ дәрігерлер адамның денсаулығына өмір салтынан бөлек, оның араласатын ортасы, әлеуметтік белсенділігі мен хоббиі де үлкен әсер ететінін айтты. Джозеф Пурита зейнетке шыққаннан кейін қоғамнан оқшауланбай, адамдармен қарым-қатынасты сақтауға кеңес берді.

Оның айтуынша, ұзақ өмір сүрудің ең маңызды қағидаларының бірі – профилактикалық тексерулерден тұрақты өтіп тұру. Бұл көптеген аурудың алдын алуға немесе оларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.

Назархан Уән
Жексенбі, 07 Маусым, 2026 18:23