Алматыда сауықтыру орталығының атын жамылған интимдік салон анықталды
Алматының Бостандық ауданында полицейлер боди-массаж салоны ретінде жұмыс істеген заңсыз мекеменің қызметін тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полиция департаментінің мәліметінше, сауықтыру қызметтерін көрсетеміз деген желеумен интимдік сипаттағы қызметтер ұсынылған мекемені учаскелік инспекторлар қаланың беделді аудандарының біріндегі жеке үйлердің бірінен анықтаған.
Тексеру барысында жеті әйел ұсталды. Олардың барлығы полиция бөліміне жеткізіліп, жеке бастары анықталып жатыр.
Қазір тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ мекеме әкімшілігіне қатысты тиісті шаралар қабылданды.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған