Алматылық оқушы әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді

Алматылық оқушы Дана Қадырбек Венада өткен халықаралық форумда әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді. Оның ауадан су өндіру технологиясы сарапшылардың жоғары бағасын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматылық оқушы Дана Қадырбек Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді.
11-сынып оқушысы ауадан ауыз су алу бойынша әзірлемелерді ұсынды. Технология құрғақ жағдайда да су алуға мүмкіндік береді.
Бұған дейін Дана халықаралық байқаулардың жүлдегері атанып, Сеулде өткен WICO Дүниежүзілік Жастар ғылыми олимпиадасының алтын медалін жеңіп алған еді.
Қазақстанда да оның жобасы қолдау тапты: өнертабысты құрылғыны пилоттық енгізу туралы меморандумға қол қойылды, сондай-ақ Дана Алматы әкімінің сыйлығымен марапатталды.
Оның жетістіктері гимназия тарихына жазылды және жақын арада елдің шөлді аймақтарындағы сумен жабдықтау жүйесін өзгертуі мүмкін.
Еске салайық, бұған дейін Қазақ тілі алғаш рет халықаралық Азиаттық-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасында (APLO-2026) жұмыс тілі ретінде бекітілгенін жазған едік. 8APLO-2026 олимпиадасы Азиаттық-Тынық мұхиты елдері Қазақстан, Қытай , Жапония, Малайзия, Корея Республикасы, Сингапур және Таиландтан келген 300-ге жуық дарынды оқушыны біріктірді. Аталған зияткерлік жарыс -дарынды жастарды анықтауға және оларды Халықаралық лингвистикалық олимпиадаға даярлауға бағытталған беделді алаң.
Өрт сөндіргіш, дәрі қобдишасы, апат белгісі: 2026 жылы Қазақстанда көлікте қандай заттар болуы керек
Оқыңыз