Дубайда өмір бойына сотталған қазақстандық жігіт әзірге елге қайтарылмайды

Дубай қаласында ауыр қылмыстары үшін бойына бас бостандығынан айырылған қазақстандық әзірге елге қайтарылмайтын болды. Мұны Мәжіліс кулуарында Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Вице-министрдің айтуынша, қазақстандық үкімге апелляциялық шағым берген. Сондықтан алдымен осы шағым бойынша шешімді күту керек дейді.
“Әуелі сот процесі толық аяқталуы керек. Осыдан кейін ғана оны қайтару мәселесі қаралады. Адвокаттар, біздің бас консулдық бұл бағытта белсенді жұмыс істеп жатыр”, –деді вице-министр.
ОқыңызЖурналистер Ернұрдың туыстары Сыртқы істер министрлігінен көмек сұрап жүгінді ме деген сұрақ қойды. Бакаевтың айтуынша, министрлікке мұндай өтініш түспеген. Алайда бас консулдық туыстарымен байланыста.
“Іс бойынша заңнаманың бірқатар өрескел бұзылғаны айтылып отыр. Алайда қазір егжей-тегжейіне тоқталмаймын. Бәрі сот шешімінде көрсетілген. Адвокат барлық ақпаратқа ие деп ойлаймын. Бұл жағдайда негізгі жұмыс қорғау тарапында, ал елшілік өз кезегінде қажетті көмекті көрсетеді. Біз міндетті түрде көмектесеміз, өйткені мұндай жағдайда өз азаматтарымызды қорғаймыз”, – деді Бақаев.
Айта кетейік, бұған дейін 22 жастағы Қазақстан азаматы Ернұр Алмахан Дубайда өмір бойына сотталғаны туралы жазған едік. Ол 2024 жылы Біріккен араб әмірліктеріне жұмыс істеуге кеткен. Үй ішімен үнемі хабарласып отырған ол соңғы қоңыраулардың бірінде өзіне жала жабылғанын айтқан. Дегенмен Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің 14 сәуірде берген ақпаратында оның өмір бойына сотталғаны айтылады. Ал қандай баппен істі болғаны белгісіз.
Өрт сөндіргіш, дәрі қобдишасы, апат белгісі: 2026 жылы Қазақстанда көлікте қандай заттар болуы керек