Қарағандыда әйел мен оның кәмелетке толмаған қызының мәйіті табылды

Қарағанды қаласында Крылов көшесіндегі пәтерлердің бірінен 38 жастағы әйел мен оның кәмелетке толмаған қызының денелері зорлық-зомбылық белгілерімен табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қарағандыда Крылов көшесіндегі пәтерлердің бірінен 38 жастағы әйел мен оның кәмелетке толмаған қызының зорлық-зомбылық белгілері бар мәйіттері табылды.
"26 наурыз күні Қарағанды қаласындағы Крылов көшесінде орналасқан пәтерлердің бірінен 38 жастағы әйел мен оның кәмелетке толмаған қызының зорлық белгілері бар мәйіттері анықталды", – деп мәлімдеді Қарағанды облысы полиция департаменті.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің жеке басы анықталып, оны ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.
"Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп толықтырды полиция өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында 47 жастағы мұғалім сегіз айдан бері табылмай жатқанын жазған едік. Туыстарының айтуынша, әйел өткен жылдың қыркүйек айында Бекет атаға барып, құран бағыштағысы келетінін айтқан. Қыздары оны таңертең жолға шығуға көндірмек болғанымен, келіншек күндіз үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Ең алаңдатарлығы, ол ұялы телефонын да үйде қалдырған.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?