Қазақстандық имам екінші әйелін шәкіртіне үйлендірген

Қазақстандық имам, хазрет, теолог-ғалым Құрбанәлі Ахмет Жанар Байсемізге берген сұхбатында екінші әйелін өзінің сұрауымен шәкіртіне үйлендіргенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Имам екінші әйелін қайын атасы сыйлағанын және оны бәйбішесінің рұқсатынсыз алғанын айтты.
“Бірінші әйелімнен рұқсат сұраған жоқпын. Екінші қабырғамды қайын атам “мына қызды аласың” деп сыйлыққа беріп кеткен. Қайын атам мені жақсы көрді. Қазақтың әдеті ғой. Екінші әйеліммен 4 бала, 1 қыз дүниеге әкелдім. Бәрі қари, Құранды толық жаттаған, намаз оқиды, ғибадат қылады”, – дейді Құрбанәлі Ахмет.
Алайда кейін екінші әйелімен жанжалдасып қалып, ол басқа күйеуге тиетінін айтқан.
“Ол қабырғам кейін менімен ұрысып қалып “болды, сенімен ажырасамын, байға тиемін” деп жынданды. “Сен ақымақсың ғой, мен саған бай тауып берейін” дедім де, жақсы шәкіртіме үйлендірдім. “Жақсы бай таппайсың ғой, көшеде жезөкше болып, мені шарманда қыларсың” дедім. Өзі менен талап етті. “Байға тиемін” деді. Менен өш алмақ болған түрі ғой. “Шәкірттерімнің арасынан біреуін таңда, қалағаныңмен некелеп, тойыңды жасап беремін” дедім. Үлкен әйелім кемпір болды,екіншісі кетті, кейінгі әйелім қызметке келді, жас, қазір жақсы ықылас қылып, қызмет қылып жүр”, – деді имам.
Журналистің “қанша бала-шағаңыз бар” деген сауалына “9-10 бала-шағам бар” деп жауап берді.
“Қабырғам екеу. Үлкен бибімнен екі ұл, екі қызым. Шамамен солай болу керек. Екінші әйелімнен 5 балам бар”, – дейді ол.
"Еркекке айналып, жас қыздармен қатынасқа түседі": Қазақстандық әйелдер түрмедегі былықтарды жайып салды
"Түрме - осы өмірдегі тозақ"
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды