Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысындағы қоқысқа толған дала даулы видеодан кейін тазартылды (видео)

Қоқысқа толы дала
Фото: Видеодан скрин

Маңғыстау облысындағы қоқысқа толған дала даулы видеодан кейін тазартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, Мұнайлы ауданындағы аумақта тазарту жұмыстары жүргізілген. 

Желіде аумақты тазалау сәті түсірілген видео жарияланды. Кадрларда шашылған қалдықтарды тазалап жүрген адамдарды көруге болады, видеоның соңында әуеден түсірілген аумақтың тазаланған күйі көрсетілген.

Бұған дейін белгілі блогер Азамат Сәрсенбаев желіде Маңғыстау облысындағы қоқыс жиналған алқапта түсірілген видео жариялаған еді.

Артынша видеодағы жердің Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Баянды ауылында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының маңы екенін анықталды. 

Облыс әкімдігінің мәліметінше, ластануға қоқыс полигонда болған өрт себеп болған. Өртті сөндіру кезінде қатты желдің әсерінен жеңіл қалдықтар қоқыс полигоны аумағынан тыс жерлерге ұшып кеткен.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 22 Сәуір, 2026 19:19