Каспий теңізіне құлаған зымыранға ұқсас нысандардың видеосы қазақстандықтарды шошытты

Желіде Маңғыстау облысындағы Құрық ауылы маңында Каспий теңізіне белгісіз бір нысан құлағаны түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желілерде тараған видеодан теңізге биіктен екі жарық шашқан нысанның құлағанын байқауға болады. Желі қолданушылары пікірлерде құлаған нысандардың зымыранға ұқсайтынын айтып, дабыл қақты.
Ақтау гарнизоны видеоға қатысты түсініктеме беріп, кадрлардың шынымен Құрық кенті маңында түсірілгенін хабарлады.
"21 сәуір күні ауылдың оңтүстік бағытында орналасқан теңіз полигонының акваториясында Әскери-теңіз күштерінің кемелері жоспарлы оқу-жаттығу тапсырмаларын орындап, шартты нысаналарға практикалық атыс жүргізді", – делінген гарнизон хабарламасында.
Гарнизонның баспасөз қызметі қауіпсіздік талаптарына сәйкес оқу-жаттығу басталар алдында және аяқталғаннан кейін сигналдық зымырандар қолданылғанын нақтылады.
"Видеода тіркелген құбылыстар жоспарлы оқу-жаттығу іс-шараларын өткізуімен байланысты және халық үшін ешқандай қауіп төндірмейді", – делінген хабарламада.
Әскерилер қазақстандықтарды сабыр сақтауға және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев Астана өткен өңірлік экологиялық саммитте Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына тыйым салынуы қажет екенін айтқан еді.
Өрт сөндіргіш, дәрі қобдишасы, апат белгісі: 2026 жылы Қазақстанда көлікте қандай заттар болуы керек
Мопедте болуы керек құжаттар тізімі де аталды
Қатерлі ісікке шалдыққан жігітке ғашық болған қазақстандық қыздың махаббаты оны сырқатынан айықтырды
Аружан Райымбектің жағдайын өте ауыр қабылдаған, тіпті сауығып кеткенше көзі жастан құрғамаған
Оқыңыз