Париж-2024: Назым Қызайбай ширек финалға шықты
Париж олимпиадасында бокстан әйелдер арасында өнер көрсетіп жатқан Назым Қызайбай ширек финалға жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Назым Қызайбай Париж олимпиадасындағы екінші жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті. Алғашқы кездесуінде италиялық боксшыдан басым түскен отандасымыз екінші жекпе-жегін бразилиялық Кэролин Алмейдаға өткізіп, төрешілердің бірауыздан шешімі бойынша жеңіске жетті. Енді ол ширек финалда колумдиялық былғары қолғап шебері Ингрит Валенсияға қарсы шығады.
Айта кетейік, бұған дейін 75 келіде сынға түскен Валентина Хальзова алғашқы кездесуінде жеңіліп қалғанын жазған едік.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"

