Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Параға ноутбук алған түрме басшысы 7 жылға сотталып кетті

Ақтауда 172-6 түзету мекемесінің басшыларына қатысты сот аяқталды. Бұл жолы әріптестерінің ең соңы болып, параны ноутбук түрінде алғанколонияның бұрынғы бастығы  Ержан Тілеулиев 7 жылға абақтыға жіберілді, деп хабарлады КТК арнасы.

Сондай-ақ, оның барлық дүние-мүлкі тәркіленіп, әділет майоры деген атағы қайтарылып алынбақ. Бұдан өзге Ержан Тілеулиев  мемлекеттік қызметтің маңына да өмір бойы жолай алмайтын болды. Естеріңізге салсақ, Ақтау түрмесіндегі тәртіпсіздік туралы ондағы сотталғандардың шағымынан соң белгілі болған еді. Яғни жазасын өтеп жатқандар Ержан Тілеулиев пен оның орынбасарларының өздерін үнемі ұрып-соғатынын және бопсалау арқылы пара алғанын айтқан болатын. Олардың арызын аяқ асты етпеген прокурорлар жазылғандардың жалған емес екенін анықтаған.

Ақырында түрме басшысының орынбасары Рахымжан Қуатбеков сотталғандардың тума-туыстарынан теледидар алғаны үшін істі болып, 3 миллион 329 мың теңге айыппұл төлеп құтылса, бөлім бастығы Бақтияр Айнақұлов 25 000 теңге пара алғаны үшін айыпты деп танылып, 7 жылға сотталған еді. Ал, мекеме бастығының тағы бір орынбасары Жәнібек Қалдыбаев 1 миллион 500 мың теңге айыппұлмен, сот залынан босап шыққан болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Оралда жаңа туған баласын құрылыс алаңына лақтырып кеткен келіншекке үкім шықты

Қазақстандықтар 2018 жылы қанша күн демалады

Көкшетауда бойжеткенді танысы 100 мың теңгеге сатпақ болған

Бұл не деген сұмдық?: ОҚО әкімі көшедегі 18 дәретхананы көріп шошыды (видео)

 

Талқылау