"Өзіңізді пәк сүйемін": Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділовтің 20 жыл бұрынғы жазған хаттарын жариялады
ҚР Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова марқұм жолдасы Заманбек Нұрқаділовтің жан тебірентерлік хаттарын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/zhunusova.makpal/
Өнер иесі қызы Мерейдің де сәби кезіндегі фотоларын жариялады.
“Алтыннан ардақты,
Күмістен салмақты,
Аса қымбатты да, қадірлі қызымыз, Мерей!
Ең алғашқы Жаңа жылың құтты да, сүтті бола берсін! Бақыт пен шаттыққа толы болсын! Сан жылдар қызығыңды көріп, ұзағынан сүйіндірсін деп ізгі тілекпен құттықтаушылар - мамаң Мақпал, папаң Заманбек.
31.12.2002 – 1.01.2003 жылға", – деп жазылған хатта.
-
"Құда күтуге дайындалып жатыр": Мақпал Жүнісова төрт қабатты үйінің жөндеу жұмыстарын бастады
-
Алматыда Заманбек Нұрқаділов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды
Заманбек Нұрқаділов қызынан бөлек Мақпал Жүнісованы да Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, хат жазған.
"Алтыннан ардақты,
Күмістен салмақты,
Ең сүйкімді де, сүйікті қызым - Мерейдің ең сұлу да, ең көркем мамасы Жануля!
Періште тәрізді нәзік мінезді тұңғыш перзентімізбен бірге қарсы алатын алғашқы Жаңа 2003 жыл жанұямызға мол күлкі мен зор бақыт алып келсін! Үлкен қуаныш пен теңіздей шаттыққа кенелейік.
Өзіңізді пәк сүйетін азда-көпті жұмсақ аялайтын, құдай қосқан жарыңыз, Заманбек.
31.12.2002 – 1.01.2003", – деп жазылған қолжазбаны көрсетті.
Фото: https://www.instagram.com/zhunusova.makpal/
Еске салайық, Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі Мақпал Жүнісова тұратын үйді "қораға" теңегенін жазған едік.