Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Заманбек Нұрқаділов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды

Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовті еске алуға арналған мемориалды тақта орнатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеодан алынды

Ескерткіш тақта Нұрқаділовтің бұрын тұрған үйінің қабырғасына орнатылды. Ашылу салтанатына оның бірінші жары Нұрбике Нұрқаділова мен ұлы Қайрат Нұрқаділов қатысты.



"Бірнеше сағат бұрын әкеме арналған ескерткіш тақта орнатылды. Біз қатты қуаныштымыз. Қандай да бір өзгеріс болып жатқанына ризамыз. Анам мен ағам дизайнын жасап, жақсы суретін таңдап қойдық. Бұл – отбасымыз үшін маңызды дүние. Шындық біртіндеп ашылады деп ойлаймын”, – деді Құралай Нұрқаділова.

Заманбек Нұрқаділов 2005 жылы 12 қарашада қайғылы жағдайда қаза тапқан еді. Ұзақ жылдар бойы қазақстандықтар оның өліміне қатысты тергеуді қайта қарауды талап етіп келеді. Туыстары Нұрқаділовтің арнайы тапсырыспен өлтірілгеніне сенімді.

Еске салайық, Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділовтің кітабына бірінші отбасы не үшін енбегенін түсіндірген еді. 

Талқылау