Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзін өлтірмек болды": Екібастұздық жас маникюрші желідегі жазбадан кейін үндеу жолдады

Екібастұздық оқушы Арулат Мұхаметқали өз-өзіне қол жұмсау әрекеті туралы жалған хабарламадан кейін бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Instagram-дағы бір парақшада Арулаттың сыныптастары баланы өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізгенін жазған. Ал оның себебі "жасөспірімнің інісін емдетуге ақша жинау үшін маникюр жасауы" екен.

Екібастұздық жасөспірім жазбаны көріп, өзі туралы хабарламаға таң қалғанын жасырмады.

"Қатты таңқалдым, бұған менің сыныптастарымның не қатысы бар, жалпы суицид туралы әңгіме болған жоқ. Бұл жалған. Менде сіздер - менің жазылушыларым, көмекшілерім, менің перілерім бар. Сіздер менің ең үлкен тірегімсіздер. Менің кіші інім Бекарыс, отбасым, жұмысым, хоббиім, сүйікті ісім бар. Мұндай қолдаумен қалай өзіңді өлтіруге болады? Мен таң қалдым, көңілім қалды", - дейді Арулат.

Жасөспірімнің ата-анасы жалған хабарламаға наразылығын білдірді. 



"Арулат ұйықтауға дайындалып жатқан, содан кейін осы жазба пайда болды. Баланың ұйқысы қашты, әрине, өзі туралы өтірік жазғанына ренжіді. Сондықтан бұл үндеуді жазып алдым", - деді баланың анасы Сәния Рахимова. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by [email protected] (@arulat_ekibastuz) on

Бейне хабарламада Арулат барлығына көмек пен қолдау үшін алғыс айтты. "Мені ата-анам, сыныптастарым, құрдастарым, мұғалімдерім, тәлімгерлерім қолдайды. Сенімі үшін бәріне рақмет. Сіздердің көмектеріңізбен мен оқимын, өсемін және Бекарысқа көмектесемін", - деп атап өтті бала.

Айта кетейік, осы жылдың тамыз айында Арулат Португалияда тырнақ шеберлері арасында өткен халықаралық чемпионатта жеңіске жетті.

Еске салайық, 13 жастағы Арулат Мұхаметқали көпбалалы отбасында өсіп келеді, отбасында одан басқа тағы төрт бала бар. Бекарыс - кішілердің бірі.

Екі жасында Бекарыс үшінші қабаттың терезесінен құлап, сал болып қалған. Қазақстандық және шетелдік дәрігерлер баланы емдеуді әлі бастаған жоқ. Сәбидің денсаулығын Қырғызстан дәрігерлері бақылап отыр. Әр сапарға көпбалалы отбасы айлап ақша жинауға мәжбүр. Інісіне көмектесу үшін бала маникюр жасауға кіріскен. Арулат туралы БАҚ-та ақпарат пайда болғаннан кейін, балаға жанашыр қазақстандықтар көмектесе бастады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр