"Алматы – Бішкек" жолында жыл соңына дейін жүк көліктеріне шектеу қойылды
Қаскелең маңындағы жол айрығында құрылыс жұмыстарына байланысты 11 қыркүйектен бастап ірі және ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады. Шектеу жыл соңына дейін күшінде болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
11 қыркүйектен бастап республикалық маңызы бар "Алматы – Бішкек" автомобиль жолының 25-шақырымында, Қаскелең қаласы маңында, көлік айрығының монолитті аралық құрылысын орнату жұмыстарына байланысты ірі габаритті және ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Қозғалысқа шектеу жыл соңына дейін жалғасады.
Шектеу биіктігі 4,5 метрден және ені 8 метрден асатын көлік құралдарына қатысты. Жеңіл және жолаушылар көлігіне, сондай-ақ белгіленген габариттен аспайтын жүк көліктеріне шектеу қолданылмайды.

Ауыр және ірі габаритті көлік жүргізушілеріне маршрутты алдын ала жоспарлап, балама бағыттарды пайдалануды сұраймыз.
Шектеу құрылыс жұмыстары толық аяқталғанға дейін қолданылады.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі ұлттық құраманың 32 алтын, 20 күміс және 22 қола медальмен жалпыкомандалық есепте бірінші орын алғанын хабарлаған еді. Ал Қырғызстан құрамасында 30 алтын болған.
Алайда кейін Қырғызстандағы ұйымдастырушылар Қазақстанның нәтижесін 29 алтынға дейін төмендетіп, Қырғызстанды 30 алтынмен бірінші орынға шығарған басқа медаль кестесін жариялады. Осылайша Қазақстан жалпы есепте екінші орынға түсті. Кейін даулы кесте әлеуметтік желілерден және ресми сайттан өшірілді. Кейін Қырғызстан тарапы Ойындар тұжырымдамасына сәйкес ресми жалпыкомандалық медаль есебі жүргізілмейтінін мәлімдеді.
Ресейдің әуе кеңістігі қауіпті болса да, қазақстандық әуе компаниялар тұрақты түрде жолаушы тасымалдайды