Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Блогер Арайлым Жиенбаева Шымкент бокс федерациясының медиа директоры болды

Блогер Арайлым Жиенбаева
Фото: Instagram.com/zhiyenbayeva__/

Блогер Арайлым Жиенбаева Шымкент бокс федерациясының медиа директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мұны федерация өкілдері хабарлап, жаңа қызметке келген Арайлым Жиенбаеваға сенім білдірді.

“Сізге үлкен сенім артамыз. Алдағы уақытта да өз ісіңізге жауапкершілікпен қарап, Шымкент боксының абыройын арттыру жолында керемет жұмыстар атқаратыныңызға сенім білдіреміз. Жаңа қызметіңіз құтты болсын! Биік белестер мен толағай табыс тілейміз”, – делінген құттықтау мәтінінде.

Енді Арайлым Жиенбаева Шымкент бокс федерациясының медиа бағытына жетекшілік етіп, ұйымның ақпараттық жұмысына жауап береді.

Еске салайық, бұған дейін блогер Арайлым Жиенбаева полиция формасын киіп, әдепсіз би билегені үшін айыппұл арқалағаны хабарланған еді. Оқиғаға құқықтық баға берілді. Сот шешімімен блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды. Полиция өкілдері қызметтік форманы әлеуметтік желіде назар аударту немесе танымалдық жинау үшін пайдалануға болмайтынын ескертті.

Балнұр Рахматуллақызы
Сейсенбі, 08 Қыркүйек, 2026 17:02