Полиция формасын киіп, әдепсіз би билеген блогер Арайлым Жиенбаева айыппұл арқалады
Түркістан облысында полиция формасын киіп, TikTok-та әдепсіз би билеген блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полицейлер әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде видеоны анықтаған. Тексеру барысында роликтің авторы Алматы қаласының 23 жастағы тұрғыны Арайлым Жиенбаева екені белгілі болды.
Видеода бойжеткен полиция қызметкерінің формасын киіп, әдепсіз қимылдармен би билеген.

Оқиғаға құқықтық баға берілді. Сот шешімімен блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды.
Полиция өкілдері қызметтік форманы әлеуметтік желіде назар аударту немесе танымалдық жинау үшін пайдалануға болмайтынын ескертті.
Құқық қорғау органдары заң талаптарын бұзған әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылғанын да атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық стример TikTok-тағы тікелей эфирлерден кейін емделуге жіберілгені хабарланған еді.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"