Қазақстандықтар 12 жастағы маникюр шеберіне миллион теңге жинап берді

Екібастұздың 12 жастағы тұрғыны, маникюр шебері Арулат Мұхаметқалидің інісінің еміне қазақстандықтар бір миллионнан астам теңге жинап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

маникюрщик

Арулаттың інісінің жағдайы қазақстандықтарды бей-жай қалдырмады. Олар баланың анасынан банк реквизиттерін Instagram-ға жариялауын сұрапты. Екі күннің ішінде тұрғындар отбасыға бір миллион теңге жинап беріпті. 

"Біз біреуден көмек сұраған емеспіз, бар қиындықты өз күшімізбен жеңетінбіз. Сол себепті бұлай болады деп ойламадық та. Қуаныштан жылағымыз келіп отыр. Жиналған ақша баламыздың 5 рет ем қабылдауына жетеді. Бір емнің өзі 200-250 мың теңгені құрайды", - дейді баланың анасы Сания Рахимова. 

Әйелдің айтуынша, кейінгі кездері оның телефонына хабарлама мен қоңырау жиі келіп түседі екен. Хабарласқан адамдар Арулатқа ризашылықтарын білдіріп, Бекарысқа тезірек сауығып кетуін тілейді екен. Келіп түскен ақша екі жүз бен 10 мың теңгенің арасын құрайтын көрінеді. 

Дегенмен Арулат өзі танымалдылығына аса қатты мән бермепті. Сөзінше, демалыста оның қызметіне бірнеше әйел жазылыпты. Бірақ жеткіншектің ата-анасы ұлдарының сабақ пен жаттығуға көбірек көңіл бөліп, демалғандығын қалаймыз дейді. 

"Арулат, бірінші кезекте, кішкентай бала ғой. Бұл кәсіп оның қызығушылығы ғана. Біз оның ісі ұлымызға кері әсер етпеу үшін мұқият қараймыз. Бірақ баламыз талпынысын тоқтатпаймын дейді. Осы жаңалықтан кейін бізге белгілі кәсіпкер хабарласып, Арулатты әйгілі тырнақ әрлеуші шебердің сабағын алуға жағдай жасайтынын айтты. Қазір Арулат қуанышы қойнына сыймай, ол кезді асыға күтіп жүр", - деп қосты баланың анасы. 

Естеріңізге салайық, бұған дейін Екібастұздың 12 жастағы тұрғыны маникюр жасап, інісінің еміне ақша жинап жатқаны айтылған еді. 

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Наразылық білдірген ШҚО тұрғындары ауруханадан кереуеттер мен төсек-орындарды шығарып тастаған

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ауылдың тұрғындары аймақта коронавирус жұқтырған қытайлық жұмысшылар жүр деп шу шығарып, желіде бұл ақпарат қызу талқыға түскен.

ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

20.02.2020: Қазақстандықтар некеге отырудан рекорд орнатты

2020 жылдың екінші айының жиырмасыншы жұлдызында шаңырақ көтерушілердің саны сегіз жүз жұп, өткен жылмен салыстырғанда төрт есе аз

Түркістан облысында қару алып қашқан сарбаз ұсталды

Ордабасы ауданы Бадам станциясы маңындағы әскери бөлімнен 30 атыс қаруын ұрлап қашқан сарбаз ұсталды

Коронавируске қарсы күші бар тағы бір дәрімек аталды

Бұл препараттың десек те жағымсыз ықпалы да анықталған

"Пайдалы өнім шығармыз келді": Қазақстанда алтыншы сынып оқушылары өз кәсіптерін ашты

Олардың еңбекқұмарлығы танымал кәсіпкерді қайран қалдырған

Алматы облысында полицейлер есірткі сатумен айналысқан

Бұған қоса полиция қызметкерлері кейбір қылмыстарға көзжұма қарағаны анықталыпты

Қазақстанның бас прокуратурасы халыққа үндеу жариялады

Бас прокурордың орынбасары халықты араңдатушылыққа салынбауға шақырды

Той - қуаныш сыйлайтын мереке: Мәдениеттанушы той жасау үшін несие алатындардың сөзін сөйледі

Сөзінше, қалың жұртшылыққа асыр салып, той тойлайтындарды жазғырмау керек

Аша Матайдың ағасы Баян Алагөзованың тәлімгеріне үйленбек

Екі жұп телехикаяның түсірілімі кезінде танысыпты
Çàãðóçêà...