Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде өз анасын пышақтап өлтірген 16 жастағы жасөспірім жазадан құтылып кетті

Айыпталушы
Фото: shutterstock.com

Ақтөбеде өз анасын пышақтап өлтірді деп айыпталған 16 жастағы жасөспірімге қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақтөбе облыстық сотының мәліметінше, айыпталушыға мәжбүрлеп емдеу жазасы тағайындалған.

"Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен кәмелетке толмаған жасөспірімге медициналық сипаттағы мәжбүрлі шара қолданылды", – делінген хабарламада.

Сот жасөспірім қауіпті әрекеттерді есі дұрыс емес күйде жасаған деген қорытындыға келді. Енді 16 жастағы жасөспірім психиатриялық стационарда ем қабылдайды.

Айта кетейік, айыптау актісіне сәйкес, жасөспірімге созылмалы шизофрения диагнозы қойылған.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде мектеп оқушысы анасын өлтіріп, әжесін пышақтады деген күдікке ілінгені туралы жазған едік. Оқиға 2025 жылдың 2 желтоқсанында болған

Сот отырысында оқиға болған түні жасөспірім мен анасының арасында ҰБТ-дағы таңдау пәндеріне байланысты жанжал шыққаны анықталды. Жасөспірім анасы таңдаған бейіндік пәндерге қарсы болған. Жанжалдың соңы қайғылы оқиғамен аяқталды. 

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 08 Қыркүйек, 2026 19:54