Журналист Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды
Журналист әрі қоғам белсендісі Арман Шораев 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұған оның әлеуметтік желіде жариялаған жазбасы себеп болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NUR.KZ басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде балағат сөздер жазылған жарияланым анықталған.
"Аталған дерек бойынша сот қаулысымен Ақмола облысының тұрғынына 20 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды", – деп мәлімдеді полиция.
Полиция әлеуметтік желіде заңға қайшы контент жариялағаны үшін заңда жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"
