Ескендір Хасанғалиевтің ұлы жаңа қызметке тағайындалды
Біржан Ескендірұлы Хасанғалиев Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы директорының менеджмент және маркетинг жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақпарат ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің шешімінде айтылған.

Біржан Хасанғалиев жаңа қызметінде филармонияның менеджмент және маркетинг бағыттарына жетекшілік етеді.
“Біржан Ескендірұлын жаңа қызметімен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық шабыт, толағай табыс және жаңа белестер тілейміз. Жаңа қызметіңіз жемісті болсын!” – делінген құттықтау мәтінінде.
Айта кетейік, Біржан Хасанғалиев – қазақтың белгілі композиторы, әнші Ескендір Хасанғалиевтің ұлы.
Қазақстандық дәрігерлер Республика күніне сыйақы берілмегеніне жаппай наразы болды: Сыйақыны кімдер алады
Сонымен қатар қолданушылар медицина қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттігін көтерген
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн