Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзім босандым": Әсел Сәдуақасова баласынан айырылып қалғанда қандай күй кешкенін ашық айтты

Танымал актриса Әсел Сәдуақасова Тимур Балымбетовке берген сұхбатында дәрігерлердің жүктілігін тоқтатқаны жайлы және қалай босанғаны туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан кадр

Өнер иесі басынан өткен қиыншылықты күйеуімен бірге көтергенін айтты. Күйзелістен шығуына Мағжанның қолдауы көмектескен.

“Өзім босандым. Ол менімен босану кезінде бірге болды. Маған дәрі беріп, толғақ шақырды. Толғақ бір тәулікке созылды. Толғағым ащы болды. Егер табиғи толғақпен босансаң балаңмен кездесетініңді білесің. Бұл өте қорқынышты болды. Дәрігерлер мені басқа балалардың туылғанын көрмеу үшін оқшаулады. Соның өзінде өте ауыр болды. Маған барынша қолдау көрсетті. Сол сәтте осындай күйеуімнің барына Құдайға шүкіршілік айттым. Екеуіміздің де қайғымыз ортақ болды. Оның қолдауын сездім. Содан кейін біздің ара қатынасымыз жақсы жаққа өзгерді. Оның мені қаншалықты жақсы көретініне, маған қамқор бола алатынына көзім жетті. Сондай сәттерде айналаңдағы дүниелердің маңызды емес екенін түсінесің”, – дейді Әсел Сәдуақасова.

Айта кетейік, бұған дейін Әсел Сәдуақасова үйленбей тұрып, күтпеген жүкті екенін білгенін айтты.

Талқылау